Жерлесіміз қытайлық теннисші Гао Синьюймен бірге финалда Алена Фалей (Беларусь) – Полина Яценкомен (Ресей) шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық дуэт қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сетте қарсылас жұп есе қайырды – 6:2. Супер тай-брейкте Ж.Құламбаева мен Г.Синьюй жеңісті жұлып алды – 10:7.
Осылайша, Ж.Құламбаева осы маусымда ITF жұптық ойынында жетінші және өз мансабындағы жалпы есепте 26-титулын жеңіп алды.