Спорт • 06 Қараша, 2023

Қазақстан таеквондошылары халықаралық турнирде 13 медаль алды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Исламабадта (Пәкістан) өтіп жатқан халықаралық Asian Open Championship G2 турнирінде Қазақстан таеквондошылары 5 алтын, 1 күміс, 7 қола, барлығы 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Таеквондо Федерациясының инстаграм арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан таеквондошылары халықаралық турнирде 13 медаль алды

Фото: qaz_olympics

Алтыннан алқа таққандар:

Наргиз Қойшыбекова (-46 кг)
Мария Севостьянова (-57 кг)
Жавохирхан Исламов (-58 кг)
Нұрай Хусайнова (-67 кг)
Жансель Дениз (+73 кг)

Күміс медаль иегері:

Айдана Еділбаева (-46 кг)

Қола жүлде иеленгендер:

Арайлым Асқарова (-57 кг)
Самирхон Абабакиров (-58 кг)
Жадыра Хайруллина (-67 кг)
Бексұлтан Мұсахан (-68 кг)
Эльдар Бірімбай (-68 кг)
Диана Абсенова (-73 кг)
Нұрбол Ерсайынов (-87 кг)