Қазақстан • 06 Қараша, 2023

Елімізде радио және теледидар уақытша өшіріледі

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Қазақстанда радио және теледидар бір тәулікке өшіріледі.

Елімізде радио және теледидар уақытша өшіріледі

Фото: freepik.com

Бұл туралы мәлімдеген «Қазтелерадио» АҚ ескертуінше, алдын алу жұмыстарын жүргізуге байланысты 8 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 3:00-ден 17:00-ге дейін телерадио хабарларын тарату өшіріледі.

«Телерадио ақпараттарын үздіксіз әрі сапалы таратуды қамтамасыз ету мақсатында спутниктік, цифрлық, аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарындағы қызметтер тоқтатыла отырып, жоспарлы түрдегі тоқсан сайынғы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі», деп түсіндірді ұлттық оператор.