Қоғам • 06 Қараша, 2023

Атырау облысында екі ауданның әкімі сайланды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында сайлау қорытындысымен Исатай ауданына жаңа әкім сайланды. Ал, Қызылқоға ауданын бұрынғы әкім қайта басқарады.

Атырау облысында екі ауданның әкімі сайланды

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, екі ауданда сайлаушылар тізіміне 34497 азамат енгізілген. Дауыс беруге 19328 сайлаушы қатысқан.

«Кандидаттардың жалпы саны – 6. Исатай және Қызылқоға ауданы әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді. Исатай ауданында Асылан Жарылғасұлы Ғұбаш үшін 1327, Рашид Тасанұлы Мұқанов үшін 2295 дауыс, Нұрым Бекежанұлы Мусин үшін 4934 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 35. Ал Қызылқоға ауданында Қанат Қадыржанұлы Азмуханов үшін  8556 дауыс, Мағжан Абызұлы Жексенов үшін 892 дауыс, Сәндібек Аманбайұлы Салықов үшін 1137 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 56», деп хабарлады сайлау комиссиясынан.

Сайлау қорытындысымен Исатай ауданының әкімі болып Нұрым Мусин сайланды. Ол 1980 жылы туған. Бұған дейін Исатай аудандық мәслихатының төрағасы болып жұмыс істеген.

Ал, Қызылқоға ауданының әкімі лауазымына Қанат Әзмұханов сайланды. Ол 1981 жылы туған. Осы кезге дейін Қызылқоға ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.