Инфляция • 07 Қараша, 2023

Жылдық инфляция өсімі баяулады

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде жылдық инфляция қазан айының қорытындысы бойынша 10,8 пайыз болды. Осылайша, қыркүйекпен салыстырғанда төмендеу байқалды (өткен айда 11,8 пайыз болған). Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сүйенсек, соңғы бір жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы – 10,4 пайызға, ақылы қызметтер – 11 пайызға, азық-түліктік емес тауарлар 11,1 пайызға қымбаттаған.

Жылдық инфляция өсімі баяулады

2022 жылдың қазанымен салыстырғанда биылғы қа­занда орамжапырақ – 69,1, күріш – 40,3, жүзім – 46,7, апельсин – 28,1, сәбіз – 22,4, консервіленген сүт – 22, күнбағыс майы – 16,2, құм­шекер 16 пайызға қымбат­та­ған. Қымбаттау жағынан меди­циналық өнімдер де қалыс қал­май тұр. Парацетамол бағасы – 70, ацетилсалицил қышқыл бағасы – 32,3, йод бағасы 21,5 па­йызға өскен.

Экономиканың басқа сек­тор­ларындағы өнім түрлері бойынша қымбаттау айқын аң­ғарылады. Атап айтқанда, олар – дизель отыны (+35,1%), сұйытылған газ (+12,8%), тас көмір (+12,6%).

«Қазанда тұтунышылық ба­ғалардың айлық индексі 0,7 пайыз болды. Қыркүйекте ол 0,6 пайыз болған еді. Ақылы қыз­мет­тер мен азық-түліктік емес тауарлар бағасы 0,8, ал азық-түлік тауарлары 0,5 пайызға артты», делінген бюро мәліметінде.