Фото: ашық дереккөз
Оқиға 2 қараша күні болған. Hyundai Creta көлігі 12 жастағы жасөспірім Тұрсынбай Асылды қағып кеткен.
«Автокөлікті 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды. Аталған оқиға бойынша сараптама тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Шетел көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Кәмелеттік жасқа толмаған балаға қатысты болған жол апаты облыстық полиция басқармасының өндірісіне алынды. Қамауға алу туралы полиция емес, сот шешім шығарады», деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.
Автокөлікті Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярованың басқарғаны белгілі болды. Әкімдіктің мәліметінше, Әлия Бақтиярова бұл қызметті 2018 жылдан бері атқарып келеді.