Қоғам • 07 Қараша, 2023

Димаш Женевада БҰҰ басшылығымен кездесті

1498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше, 6 қарашада Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевалық филиалының басшысы Татьяна Валовамен кездесті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Димаш Женевада БҰҰ басшылығымен кездесті

«Кездесу барысында біз бірлескен жобалардың келешегін талқыладық. Сондай-ақ белгілі тұлғалардың әмбебап адами құндылықтарды, бейбітшілік пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілетуде ерекше рөл атқара алатынын атап өттік. 

Біз Ұлттар сарайында болып, Женева кітапханасы мен БҰҰ мұрағаттарындағы өнер туындыларымен, тарихи құжаттармен және нысандармен таныстық», деп жазды Димаш. 

Кейінірек Уилсон сарайында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасында және халықаралық көші-қон ұйымының штаб-пәтерінде кездесулер өтті.

«Қазақстанның БҰҰ жанындағы Женевадағы Тұрақты өкілдігіне барып, қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен кездестім. Тұрақты өкіл Ерлан Әлімбаевпен кездесу барысында мен Женева алаңындағы жұмыста Қазақстанның басым бағыттарымен таныстым», деп жазды әнші. 

о