Қазақстан • 08 Қараша, 2023

Қазақстан мен Ресей өзара көлік байланысын арттыруға ниетті

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Известия» газетіне берген сұхбатында «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізінің маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Ресей өзара көлік байланысын арттыруға ниетті

 

«Қазақстан мен Ресейдің өзара көлік байланысын, соның ішінде «Солтүстік – Оңтүстік» бағытын  нығайту, сайып келгенде, өзара сауда мен инвестиция көлемінің ұлғаюына оң ықпал етері сөзсіз. Бүгінде халықаралық ынтымақтастық бағытында көлік-логистика саласының маңызы артып келеді. Шын мәнінде, әлемде көлік бағдарларына, логистикаға бақылау орнату үшін қызу бәсеке жүріп жатыр. Қазіргі кезде Еуразияның жаңа көлік құрылымы қалыптасуда. Мұны ойдағыдай жүзеге асырсақ, қатысушы тараптардың бәрі де экономикалық әрі саяси пайдаға кенелмек», деді Президент.

Оның айтуынша, физикалық инфрақұрылымнан бөлек, тауар транзитіне арналған ортақ цифрлық жүйені  қалыптастыру үшін нақты шешімдер әзірлеу өте маңызды. Ол сенімді әрі қолдануға оңай, озық цифрлық технологияларға негізделген шешім болуға тиіс.

«Қазақстан бар мүмкіндігі мен ресурсын жұмылдырып, сенімді логистикалық хаб ретінде қызмет көрсетеді. Тасымалданатын жүк көлемін арттыру үшін өз аумағымыздағы теміржол және автомобиль жолдарының талапқа сай келмейтін тұстарын реконструкциялауға әзірміз», деді Қ.Тоқаев.