Ел бойынша киік етін өткізетін 7 кәсіпорын бар. Қауіпсіздік бірінші орында болғандықтан сою орындарына арнайы ветеринар мамандар бекітілген. Олар өнім сапасын қадағалайды. Қазір сатуға байланысты мониторинг жүргізіліп жатыр.
Ал киік мүйізіне қатысты бөлек алгоритм бар. Кесілген соң, нөмірленеді.
Айта кеткен жөн, тек Батыс Қазақстан облысы бойынша, айналасы бір айға жуық уақыттың ішінде 7 мыңнан астам киік ауланды.
«Ет өңдейтін бес кәсіпорынға бірінен кейін бірін әкеліп жатыр. Бесеуімен де келісімшарт жасалған еді. Бірақ қазір белгілі бір себептерге байланысты біреуіне тоқтатып қойдық. Тиісті тексеру жүріп жатыр. Қалған төртеуіне апарылып жатыр. Бәрінің де «Охотзоопроммен» келісімшарттары бар және талаптарға сай мал дәрігерлері, ветеринарлық лабораториясы да бар», дейді Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рақымжанов.