Өнер • 08 Қараша, 2023

Ақшам болмай, анамның жүзігін сыйладым: Әли Оқапов әйеліне қалай сөз салғанын айтты

513 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Белгілі әнші Әли Оқапов жары Ақерке Бүркітбайға қалай сөз салғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақшам болмай, анамның жүзігін сыйладым: Әли Оқапов әйеліне қалай сөз салғанын айтты

Әнші Dinara Satzhan арнасына берген сұхбатында сүйіктісіне карантин кезінде сөз салып, үйленуге ұсыныс жасағанын жеткізді.

“Пандемия кезінде қаланың жоғарғы жағында тұрдық. Жарты жыл бұрын ғана жаңа пәтерге көшіп келдік. Жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Анам және Мәди үшеуіміз бір үйде тұрып жатқан едік. Карантиннің қай уақытта аяқталатынын ешкім білмейді. Бір күні анама үйленетінімді айттым. Бірақ бірден жүзік сыйлап сөз салуға қаражат жоқ дедім. Анам бірден түсінді де, әшекей бұйымға толы қобдишасын алдыма әкеліп шашып тастады. Бұрын-соңды қыздардың бұйымдарын ұстап көрмегенмін. Таңдау қиын болды. Маған алтын ұнамайтын. Қобдишадан шыққан бұйымның бәрі – алтын әшекейлер. Көзіме түскені күміс жүзік болды. Соны таңдап тұрғанда анам күліп, “Талғамың жақсы екен, Италиядан әкелген ақ алтынға көзің түсті” деді, – деп әнші еске алады сол күнді.

Әнші қалыңдығына қай жерде сөз салу керегін ұзақ ойластырған.

“Енді қалай сөз салам деп үш апта ойландым. Бір жаққа шығуға да болмайды. Кафе, мейрамхананың бәрі жабық. Сосын тауға шығып кеттік. Сол жерде үйленуге ұсыныс жасадым. Туған жері Атырауға құда түсіп, ұзатып алып келдік”, – дейді әнші.

Осы кезде әңгімеге Ақеркенің өзі араласты.

“Келін болғасын жаңа ортаға бейімделуге тырысасың. Елімізге танымал отбасы болса да қазақы менталитетте өмір сүреді. Зейін туғанда бесікке салу рәсімін жасадық. Қазір қаланың адамдары бесікке жатқызбайды. Соңғы айларда ғана бесіктен шығаруды ойлап жүрміз. Өйткені аунап, домалап еркін жатсын дейміз. Бала күтімімен үйде отырған деген атым болмаса, концерт пен кештерде өнер көрсетемін. Сондай кезде жартылай дайындалған өнімдерді жеткізіп беретін көмекші әпкеміз бар. Үйде болғанда таңғы ас пен кешкі асты ғана дайындаймын. Түсте барлығымыз жұмыста боламыз. Қыс келе жатқасын соғым алу, ет тұздау, жіліктеу секілді жұмысты анамызға тапсырғанбыз. Сол кісі бәрін реттеп отырады”, – дейді Асыл тобының солисі.