Екпе алу үшін қала тұрғындары тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінуі қажет. Қосымша жаппай иммундау (ҚЖИ) үшін егу кабинеттері жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Иммундау жүргізілмес бұрын дәрігер пациентпен қызылшаның алдын алуы бойынша ақпаратпен, екпеден кейін болуы мүмкін ағзадағы реакциялар бойынша түсіндірме жұмысын жүргізеді.
«Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаудың қажеттілігі елімізде және Астана қаласында қызылшамен сырқаттану жағдайының күрт өсуіне байланысты туындап отыр. Науқастардың көпшілігі – балалар. Қызылша инфекциясының таралуына екпе алмаған балалардың көптігі де ықпал етіп отыр. Мұның себебі – ата-аналардың вакциналаудан бас тартуы, негізсіз медициналық шеттетулер, егілу мерзімін кейінге қалдыру. Қызылша инфекциясынан қорғалмағандар – 6 айдан 11 айға дейінгі кішкентай балалар. Бұл жастағы балаларды омырау сүтімен берілетін аналық иммунитет қорғамайды және дәл осы балалар екпе жасына әлі жетпеген. Себебі қызылшаға қарсы жоспарлы түрде егілу 1 жастан басталады. Балаларымызды қорғаудың және қызылшаның таралуын тоқтатудың жалғыз жолы – вакциналау», деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.