Үкімет • 09 Қараша, 2023

2000 ауыл мектебі «Starlink»-ке қосылады

161 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов­тың төрағалығымен өткен кеңесте 5G технологиясын енгізу және шал­ғай елді мекендердегі мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қам­тамасыз ету мәселелері талқыланды.

2000 ауыл мектебі «Starlink»-ке қосылады

Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрі Бағдат Мусин бүгінде Астана, Алматы, Шым­кент қалаларында және облыс орталықтарында байланыс опе­раторларының 800-ден астам 5G базалық стансасы орнатыл­ғанын баяндады.

Бұл ретте технологияны ен­гізуді жеделдету үшін бай­ланыс стансаларын іске қосу мерзіміне айтарлықтай әсер ететін реттеуші бірқатар кедергіні жою қажет. Бұл жабдықты монтаждау рәсім­дерін жеңілде­ту­ге, санитария­лық ережелерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге, жер телімдерін уақтылы беруге және т.б. қатысты.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасына сәйкес республи­калық маңызы бар қалалар мен облыс орта­лықтарында 5G желісін енгізу жұ­мыстары 2025 жылдың соңы­на дейін аяқталуға тиіс екенін еске салды. Осыған байланысты Премьер-министр артық әкім­шілік кедергілерді жедел жойып, халықты сапалы жоғары жыл­дам­дықты интернетпен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

Сондай-ақ жиында биылғы қазан айында 10 ауылдық мектеп «SpaceX» компаниясының «Starlink» технологиясы арқылы тестілік режімде кең жолақты интернетке қосылғаны айтылды. Бұл желідегі деректерді беру жыл­дам­дығы секундына 200 Мбит-ке жетеді.

Жалпы, осылайша, рес­пуб­ликаның шалғай елді мекен­деріндегі 2000 білім беру нысанын жоғары жылдамдықты интер­нетке қосу жоспарланып отыр. Аталған жұмыс шеңберін­де тиісті жабдықтарды жеткізу және оларға техникалық қызмет көрсету жүзеге асырылады.

Премьер-министр заманауи байланыс желілерін енгізу­мен қатар ауыл мектептеріне арнал­ған білім беру бағдарламаларын дамытуға назар аудару қажет еке­нін баса айтты. Атап айтқан­да, жаңа цифрлық форматтар мен тәсілдер арқылы оқушылардың белсенділігін және жалпы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға болады. 

Соңғы жаңалықтар

Адалдық – ардың ісі

Пікір • Бүгін, 09:55

Демократияның даму көрінісі

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Өсімі жоғары өңір

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Алматыда жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 09:40