Спорт • 09 Қараша, 2023

Азия чемпионаты: жапондар бізден жоғары тұр

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өткен  WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасындағы XXI Азия чемпионатында еліміздің спортшылары 8 алтын, 5 күміс, 11 қола медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия чемпионаты: жапондар бізден жоғары тұр

kazsports.kz

Азия құрлығының 30-ға тарта елінен жиналған 600 спортшы айқасқа түсті. Жалпыкомандалық есепте Жапония каратэшілері 14 алтын, 5 күміс, 4 қола медальмен көш бастаса, Қазақстан спортшылары екінші сатыға орнықты. Үштікке  Иран құрамасы  ілініп,  5 алтын, 6 күміс, 11 қола жүлдені еншіледі.

Соңғы жылдары спорттың осы түрі елімізде өркен жайып, қарқынды дамып  келеді. Қазан айында каратэден ересектер арасындағы әлем чемпионаты Мажарстанда өтті. Дүниежүзілік додада Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) қазақ  спортының тарихында осы спорт түрінен  тұңғыш әлем чемпионы атанып, Әнұранымызды шырқатқан болатын.