Президент • 09 Қараша, 2023

Қазақстан мен Ресей астық экспорттаудан әлемде алдыңғы лекте

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресей астық экспорттау жөнінен әлемде алдыңғы лектегі мемлекеттердің қатарында. Бүгін Қостанай қаласында өткен XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путин астық экспорты, азық-түлік қауіпсіздігі, агронеркәсіп кешенін дамыту жайын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Қазақстан мен Ресей астық экспорттаудан әлемде алдыңғы лекте

Фото: akorda.kz

Президент Қ.Тоқаев ауыл шаруашылығы тақырыбына арналған форумның Қостанай облысында, яғни Қазақстанның нағыз астықты өлкесінде өткізілуінің символдық мәніне назар аударып, агроөнеркәсіп кешені саласындағы сауда мен өзара тиімді кооперацияны кеңейту үшін зор мүмкіндік бар екеніне тоқталды.  Астық экспорты бойынша әлемдегі алдыңғы ондыққа Қазақстан да, Ресей де енеді. Дүниежүзі бойынша егіс алқаптарының 10%-ы, жайылым мен шабындық жерлердің 9%-ы Қазақстан мен Ресейдің еншісінде.  

«Қазақстанда соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2 еседен астам ұлғайды. Аталған саладағы өнім экспорты екі есе артып, 6 миллиард долларға жуықтады. Бүгінде бұл бағыттағы өнімдеріміз әлемнің 80 еліне жеткізіледі. Былтыр Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық индексінде Қазақстан 113 елдің ішінде 32-ші орынды иеленді. Осылайша, біз агроөнеркәсіп кешенін дәйекті түрде дамытып отырмыз. Бүгінгі форумда елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тең құқылы және бір-бірінің мүддесін ескеру қағидаттары негізінде ортақ келісімге келе отырып, жаңа тәсілдер әзірленетініне сенімдімін», деді Мемлекет басшысы.