Пікір • 10 Қараша, 2023

Ресей мен Қазақстан арасында ортақ валюта енгізіле ме? – Агенттік төрағасы жауап берді

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасындағы тауар айналымында ұлттық валюталар арқылы есеп жүргізіледі. Біз­дің еліміз одақ құрамына кіретін мемлекеттердің бір-бірі­мен өз валюталарымен төлем жасауын кеңейтуді қолдап келеді.

Ресей мен Қазақстан арасында ортақ валюта енгізіле ме? – Агенттік төрағасы жауап берді

Өткен жылы Қазақстанның және Ресейдің банктері арасын­дағы сауда айналымы бойынша өзара төлемдер саны – 55, ал осы жылдың жеті айында 11,5 пайызға артып, қазіргі күні 9,2 миллиард теңгеге жетіп отыр. Ал бұған дейін бірнеше рет көтерілген ортақ валюта енгізу туралы сұраққа келсек, мұндай мәселе біздің интеграциялық ынтымақтастығымыз аясында ешуақытта күн тәртібіне қойыл­ған емес, талқыланған да емес. Ол жайында ұсыныс та болған жоқ.

Әр мемлекеттің ұлттық валю­та курсы сол елдегі ақ­ша-несие саясатына және эко­номикалық жағдайға қарай анықталады. Ресей Федерациясы рублінің курсы сәйкесінше өзінің экономикалық ахуалына және Орталық банк тарапынан жүргізілетін ақша саясатына қарай өзгеріп отырады. Біздің теңгеміздің курсы да дәл солай. Оған елге келіп жатқан импорт пен экспортымыз да әсер етеді.

 

Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА,

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы