Қоғам • 10 Қараша, 2023

Дәрігерлер Қуандық Бишімбаевтың марқұм әйелі туралы түсініктеме берді

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мейрамханада әйелін соққыға жыққан бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Оның әйелі жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы іске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрігерлер Қуандық Бишімбаевтың марқұм әйелі туралы түсініктеме берді

Фото: ашық дереккөз

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 9 қараша күні сағат 19:54-те қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының пультіне қоңырау түскен.

«Жедел жәрдем бригадасы келген кезде 1992 жылы туған әйелдің қайтыс болғаны анықталды. Мәйіт полицияға берілді», делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше экс-шенеуніктің ұсталғаны туралы хабарлаған едік.