Фото: Malim.kz
Еске салайық, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Қазақстанда атом электр стациясын салу мәселесі бойынша алдын ала халық арасында қоғамдық талқылаулар ұйымдастырып, жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Жолдауда Президент референдум өткізу мерзімі кейінірек анықталатынын атап өтті.
«Қоғамдық талқылауларға атом саласының сарапшылары қатысады. Талқылаулар барысында азаматтар АЭС салудағы технологияның қауіпсіздігі, сондай-ақ оның әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша өздерін толғандыратын барлық сұрақтарды қоя алады», делінген әкімдіктің ресми телеграм арнасында.
Қоғамдық талқылау Семей қаласы, Қ.Мұхамедханов көшесі, 14 мекенжайындағы Рымбек Байсеитов атындағы қаржы-экономикалық колледжінің акт залында 15 қарашада сағат 17.00-де өтеді.