Қоғам • 11 Қараша, 2023

Сирияда 10 жыл террорлық топта болған азамат елге жеткізілді

701 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сирия мемлекетіне кетіп 10 жыл бойы террорлық  ұйымның құрамында болған Қазақстан азаматы елге жеткізілді.   Ол  өз ықтиярымен әрекетінен бас тартып, елге оралған соң  билік өкілдеріне берілуді құп көрген, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сирияда 10 жыл террорлық топта болған азамат елге жеткізілді

Фото: gov.kz

«10 қарашада ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған ҚР азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді. Оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі. Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды», делінген ақпаратта.

Ол  Қазақстанға жеткізілген соң қамауға алынып,  Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық істі тергеу басталды.  Тергеу кезінде оның ерікті түрде берілгені ескеріледі.