Спорт • 13 Қараша, 2023

Бас жүлде – бізде

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда каратэден Азияның ашық чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Жапония, Германия, Иран, Үндістан, Кувейт, Қырғызстан, Түрікменстан, БАӘ, Сауд Арабиясы және Ресей құрамалары күш сынасты.

Бас жүлде – бізде

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен дүбірлі доданың жалпыкомандалық есебінде жерлестеріміз бас жүлдені олжалады. Барлығы 8 алтын, 8 күміс және 14 қола ме­дальды иелендік. Жекелеген спортшылар жайында айтар болсақ, өз салмақ дәрежелері бойынша Ұлмекен Жалғас (68 кг), Белла Самашева (55 кг), Даяна Даренская (61 кг), Диас Анарбеков (+84 кг), Жоламан Биғабыл (60 кг), Ерсұлтан Тәңіберген (67 кг) және Диас Ұлбек (84 кг) сынды дүлдүлдер қар­сылас шақ келтірмеді. Кумитэден ерлер құрамасы алтын алса, әйелдер қолаға қол созды. Жалпы есепте екінші және үшінші орын­дарды Иран (3+2+3) мен БАӘ-нің (2+0+0) каратэшілері еншіледі.

Соның алдында ғана жоғарыда атал­ған мемлекеттердің жастары Азия бірін­шілігінің жүлделерін сарапқа салған еді. Ол жарыста Қазақстанның өрендері Жапониядан ғана қалып қойып, екінші сатыға тұрақтады.