Әлем • 13 Қараша, 2023

Озық бітімгерлік тәжірибе

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Кения астанасы Найробиде өткен Халықаралық бітімгерлік дайындық орталық­тары қауымдастығының (IAPTC) 27-конференциясына қатысты.

Озық бітімгерлік тәжірибе

Халықаралық бейбітшілікті қолдау оқу орталығында 80 мем­лекеттің бітімгерлік дайындық орта­лық­тарынан 300-ден аса өкіл жи­налды. Конференция деле­гат­­тары күрделі бітімгерлік опе­ра­­цияларға бітімгерлерді даярлау­­дағы серіктестіктің рөлін талқылады. 

– Конференцияға қатысу бітімгерлік қызмет саласындағы ағымдағы үрдістермен және талаптармен танысуға, жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Қолдағы бар мәліметтерді ескере отырып, біз ұлттық бітім­герлік контингентін дайындау бағдарламасын уақтылы бейімдей аламыз, – деді Бітімгерлік да­йындық орталығының басшы­сы, полковник Бауыржан Нығме­туллин.

Іс-шара бірінші кезекте бітімгерлік әлеуетті арттыруға, халықаралық ұйымдардың, үкіметтердің және төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыруға мүдделі жергілікті билік өкілдерінің стратегиялық ынтымақтастығын бағалауға және оны дамытуға бағытталған.

Бітімгерлік дайындық орта­лық­тарының халықаралық қауым­дастығы 1995 жылы құрылға­нын айта кету керек. Тре­нингтер, білім беру бағдар­ла­малары мен зерттеу бастама­ларының арқасын­да бүкіл әлемнің бітімгерлік даярлау орталықтары 190 елден 50 мыңнан астам бітім­герді сәтті даярлады.