Спорт • 13 Қараша, 2023

Еламан Қойшыбаев самбодан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұландық Еламан Қойшыбаев спорттық самбодан 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қырғызстаннан келген Жамалбек Асылбекуулумен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еламан Қойшыбаев самбодан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

10-12 қараша аралығында Армения астанасы Ереванда Халықаралық самбо федерациясы күнтізбесінің басты турнирі - самбодан әлем чемпионаты өтеді.

Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта екі күміс және үш қола медальмен жалпы командалық есепте сегізінші орында тұр.

Еске салайық, бұған дейін Еламан Қойшыбаев спорттық самбодан әлем чемпионы атанған болатын.