Қазақстан • 13 Қараша, 2023

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі дерек бойынша Қазақстан халқының саны өткен жылмен салыстырғанда 1,41% артқан. Қазір елімізде 19,9 миллион адам тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

Фото: ашық дереккөз

Халықтың көпшілігі Алматы қаласында (2,2 млн адам), Түркістан (2,1 млн адам) және Алматы (1,5 млн адам) облыстарында тұрады. Ең аз халық Ұлытау (221,5 мың адам), Солтүстік Қазақстан (531,7 мың адам) және Абай (608,9 мың адам) облыстарында мекен етеді.

Сондай-ақ елімізде ерлер саны 9,6 млн адам болса, әйелдер саны 10,1 млн яғни 4,9 пайызға артық. 

«Ел халқының 35,5%-ын 18 жасқа дейінгі балалар құрайды. Олардың саны шамамен 7 млн. Елде 29 жасқа дейінгі 2,7 миллион ересек бар. 60 пен 69 жас аралығындағы халық саны 1,6 млн адамды, 70 пен 79 жас аралығындағылар – 681,6 мың адамды, 80 жастан асқандар 317,3 мың адамды құрады», делінген статистикада.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше