Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов Ресейдің «Хлебпром» компаниясының бас директоры Ярослав Шадырямен кездесу өткізіп, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында инвестжобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізді.
«Бұл форум екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, серіктестік пен іскерлік байланыстарды нығайтуға қосымша серпін бермек және өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа перспективалы бағыттарын дамытуды қамтамасыз етеді», деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кететін жайт, форумға Қазақстанның 8 облысының және Ресей Федерациясының 12 өңірінен өкілдер қатысты.