Аймақтар • 14 Қараша, 2023

Жетісу облысында ірі жел электр станциясы салынады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Сауд Арабиясы Корольдігімен бірлескен кеңес өтті. Кездесуде тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін ортаға салды, деп жазады Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу облысында ірі жел электр станциясы салынады

© Photo: Алматы облысы әкімдігі

Атап айтқанда, Жетісу облысында қуаттылығы 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясын салу жобасы талқыланды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы келісімге қол жеткізілгеннен кейін 2025 жылы құрылысты бастау жоспарланған.  

Премьер-министр әкімшілік рәсімдерді жеделдетуді және орталық мемлекеттік органдар тарапынан барлық қажетті шешімдерді бір күнде әзірлеуді тапсырды.  

Сондай-ақ кеңесте ауыл шаруашылығы, фармацевтика, металлургия және т. б. салаларда жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Әлихан Смайылов Сауд Арабиясының инвесторларымен жұмысты барлық деңгейде жандандыруды тапсырды. Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Жиддадағы дипломатиялық өкілдігі, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар белсенді позицияны ұстануы қажет екеніне баса назар аударды.

Жиын соңында Премьер-министр Үкіметаралық комиссияның таяуда болатын отырысы қарсаңында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен тақырыптық бизнес-форум ұйымдастыруды тапсырды.