Үкімет • 15 Қараша, 2023

Жүзеге асырылатын бірлескен жобалар

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Сауд Арабиясы Корольдігімен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Жүзеге асырылатын бірлескен жобалар

Атап айтқанда, Жетісу облысында қуаттылығы 1 ГВт болатын ірі жел электр стансасын салу жобасы талқыланды. Қазіргі уақытта дайын­дық жұмыстары жүріп жатыр, соңғы келісімге қол жеткізілгеннен кейін, 2025 жылы құрылысты бастау жоспарланған. 

Премьер-министр әкімшілік рәсім­дерді жеделдетуді және орталық мем­лекеттік органдар тарапынан бар­лық қажетті шешімдерді бір күнде әзірлеуді тапсырды. 

Сондай-ақ кеңесте ауыл шаруа­шылығы, фармацевтика, металлургия және т. б. салаларда жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Әлихан Смайылов Сауд Арабия­сының инвесторларымен жұмыс­ты барлық деңгейде жандандыру қажеттігін, атап айтқанда, Қазақ­стан Сыртқы істер министрлігі, Қазақ­станның Жиддадағы дипломатиялық өкілдігі, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар белсенді позицияны ұстануы, сондай-ақ әлеуетті жобалар пулын мұқият зерделеу қажет екенін атап өтті. 

Премьер-министр Үкіметаралық комиссияның таяуда болатын отырысы қарсаңында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен тақырыптық бизнес-форум ұйымдастыруды тапсырды.