Экономика • 15 Қараша, 2023

Қосылған құн салығы азық-түлік бағасына әсер ете ме? Министр жауап берді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте қосылған құн салығы азық-түлік бағасына қалай әсер ететінін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.

Қосылған құн салығы азық-түлік бағасына әсер ете ме? Министр жауап берді

фото: ашық дереккөзден

Журналистің «Сауда орындарынан тауар алғанда түбіртекте «оның ішінде қосылған құн салығы» деп тұрады. Қосылған құн салығының көтерілгені қарапайым тұтынушылардың қалтасына тікелей әсер етеді деген сөз емес пе?», деген сұрағына Ұлттық экономика министрі жауап берді. 

Министрдің айтуынша, қосылған құн салығы азық-түлік бағасына әсер етпейді.

«Біріншіден, елде азық-түлік өнімдері негізінен ірі супермаркеттерде, базарларда сатылады. Әсіресе ірі сауда орындарында, базарларда сауда жасайтындардың көбі қосылған құн салығын төлемейді. Яғни, ол орындарда қосылған құн салығын төлейтіндердің пайызы аз. Біз бөлшек салықтың әрекет ету аясын кеңейтіп жатқандықтан арнайы салық режимі арқылы салық төлеушілердің саны көбейеді. Яғни, осы режимге енгендер қосылған құн салығын төлемейді. Бұл, әсіресе, азық-түлік нарығына жақсы әсер етеді. Қорыта келгенде қосылған құн салығының өсуі азық-түлік бағасына әсер етпейді», деді Әлібек Қуантыров.