
Сурет Сейтжан Сұңғаттың жеке мұрағатынан алынды
Ақылбек Томирис Сұңғатқызы 14 қараша таңғы сағат 8:10 да дүниеге келген. Томиристің анасы Молдашева Әйкерім 19 жасында, әкесі Сейтжан Сұңғат 20 жасында ата-ана атанды. Жас отбасының отау құрғанына − 1 жыл.
«АСС Сериктес» ЖШС өрт сөндірушісі болып жұмыс істейтін Сейтжан Сұңғат тұңғыштарының тәуелсіз ел тарихында қалғанына аса қуанышты екенін жеткізді.
«Мұндай сүйінші хабар болады деп күтпедік. Десе де Томирисіміздің тарихтың бөлшегі болғанына қуаныштымыз. Бастысы дені сау болып өссін», деді Жезқазғандық 20 миллионыншы тұрғынның әкесі.
Еске салайық, бүгін сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар.