Мәдениет • 16 Қараша, 2023

«Umai-2023» сыйлығына өтінім қабылдау 5 желтоқсанда аяқталады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған «Umai-2023» сыйлығына өтінім қабылдау 5 желтоқсанда аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

«Umai-2023» сыйлығына өтінім қабылдау 5 желтоқсанда аяқталады

«Umai» ұлттық сыйлығы кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнер қайраткерлерінің елеулі жетістіктерін қолдау мақсатында ұйымдастырылады.

«Umai» ұлттық сыйлығы – еліміздің өнер саласындағы ең мәртебелі әрі беделді сыйлықтардың бірі. Жыл сайын жаңа біртуар қайраткерлердің есімдерін анықтап, отандық мәдениеттің дамуына және ілгерілеуіне ықпал етеді.

«Биыл сыйлықтар мен жүлде қоры едәуір ұлғайды. Өтінімдер төрт номинация бойынша қабылданады. Олардың қатарында: «Театр өнері»; «Хореографиялық өнер; «Музыкалық-орындаушылық өнер»; «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер». Өтінімдерді қабылдау 5 желтоқсанда аяқталады», делінген министрлік хабарламасында.

Еске салайық, «Umai» ұлттық сыйлығын кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнер қайраткерлеріне табыстау 2022 жылдан бастап тағайындалды.