Өнер • 16 Қараша, 2023

Димаштың орындау шеберлігі дәстүрлі емес - Ерболат Құдайберген

5951 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көптен бері ел назарынан тыс жүрген рэпер Ерболат Құдайберген Димаш Құдайбергенге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаштың орындау шеберлігі дәстүрлі емес - Ерболат Құдайберген

Зарина Мүсілімнің “Сөккен әңгіме” бағдарламасына сұхбат берген рэпер Димашты сыйлайтынын да атап өткен.

«Димаштың орындау шеберлігі дәстүрлі емес, бірақ ол бізді әлемге танытып жатыр. Табиғат бойынша еркек адам шиқылдамайды. Еркектің даусы тенор болу керек. Мысалы, Димаштың даусы сопрано. Ол таңғаларлық жағдай. Тарихқа жүгінсек, 2-3 ғасырда бір туатын балаларда болатын дауыс”, – деп түсіндірді өнер иесі.

Ол өзімен тегі бірдей әншінің әндерін тыңдай алмайтынын алға тартқан. 

“Мен оны бауырым деп, тегіміз бір деп қанша сыйлағаныммен, оның әндерін күнделікті тыңдай алмаймын. Димаш тыңдайтын әнші емес, байқаудың әншісі. Шетелге апарып көрсететін, мақтан тұтатын әншілердің бірі. Бірақ мен Димаштың әндерімен оны тойға шақырмас едім», – дейді Құдайбергенов.