Ауыл • 17 Қараша, 2023

Қазақтың құты – ауылда

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 қараша – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні

Қазақтың құты – ауылда

Арғыдан аманатқа алған атакәсібінің өзі ауыл ша­руашы­лығынан алыстай қоймаған еліміз әуел бас­тан аграрлы мемлекет еді. Ендігіне ен салынбаған иен даланың төсіне дән шашып, төскейін толтыра мал өргізген. Содан да шығар, ілкіде өткендердің ішер астан таршылық көрген тұсы жоқ. Осының өзі-ақ әр қазаққа ой салса керек...

Анығында, ұлысын ырысқа кенелткен ұлы істер осы даладан бастау алады. Жарықтық Жер-ана ешкімді жатыр­қамайды, қолы қимылдағанды ашқұрсақ қалдыр­майды. Тек табиғаттың тілін, істің көзін таба білсеңіз болғаны... Мұндай шаруаны құп көретін мемлекет те мүмкін­дігіне қарай септесуге әзір. Салмақ салмайтындай субсидиясын береді, жанар-жағармайды да жеңілдетіп тарату­ға бейіл. Сөрелерде ырық бермей тұрған бағаның бір ұшы да сол ауылға байлаулы. Ел­дегі ағайынның есебі түгел болса, қаладағы қалың жұрт­тың да қалтасы ортая қоймайды. Кәсібін дөңгеле­тіп отырғандар біздің елде жетіп артылады. Ұлан-ғайыр жердің ұл-қыздары сол кәсіпті берік ұстанып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келеді.

Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қыз­мет­керлері күні мерекесі қарсаңында осы саланың озаттарын тағы бір мәрте елге танытуды жөн санадық.