Оқиға • 17 Қараша, 2023

Алматыда қойма өртеніп жатыр

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Түрксіб ауданы, Бекмаханов көшесі, 2/16 үй мекенжайы бойынша орналасқан жиһаз қоймасы өртеніп жатыр, деп жазады Egemen.kz Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Фото: Алматы ТЖД

Қазір Алматы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежелі өртті сөндіріп жатыр.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қойма өртке оранған. Көрші қойма үй-жайларын қорғау және өртті сөндіру үшін өрт саптамалары орнатылды, өрт гидранттарына цистерналар орнатылды. Өрт сөндіруге арналған екі аймақ құрылды. Өрттің қоймада сақталған ағашқа таралуына жол берілмеді»,  делінген департамент хабарламасында.