Әлем • 17 Қараша, 2023

АҚШ-та алғаш рет тікұшақ такси ұшты

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тікұшақ таксиді «Джоби Авиэйшн» компаниясы құрастырған. Электр қуатымен жұмыс істейтін әуе таксиі Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы тікұшақ алаңында сынақтан өтті, деп жазады Egemen.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

АҚШ-та алғаш рет тікұшақ такси ұшты

Joby Aviation компаниясының негізін қалаушы Джобен Бевирттің айтуынша әуе таксиіне ұшқыш пен 4 жолаушы сыяды. Тікұшақ такси сағатына 200 миль жылдамдықпен ұшады. Бұл Манхэттеннен Кеннеди әуежайына 7 минутта жетуге болатын көрсеткіш.

Осыған байланысты Нью-Йоркте әуе таксиін ұшыратын алаңдарды да жетілдіру жоспарланған.

Joby Aviation компаниясы АҚШ-тың Азаматтық авиация федералдық басқармасынан ұшу сынақтарын жүргізуге рұқсат куәлігін алған. Ал компания әуе таксиі қызметін ресми түрде 2025 жылдан бастап ұсынуды жоспарлап отыр.