Қоғам • 18 Қараша, 2023

Полиция қызметкері 84 жастағы зейнеткерді көл ортасынан алып шықты

1221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында  учаскелік полиция инспекторы   84 жастағы  зейнеткерді көлден құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Полиция қызметкері 84 жастағы зейнеткерді көл ортасынан алып шықты

POLICE_of_KZ

«Оқиға 18 қарашада Әулиекөл ауданында болған. Таңертең 102 телефонына Аманқарағай кентінің тұрғынынан су айдыны маңынан көмек сұрап тұрған қатты дауыстың естілгені туралы қоңырау түсті. Бұл хабарлама дереу көлге келген учаскелік полиция инспекторы Ғабит Байжановқа берілді. Соққан желдің кедергісінен  ол көмекке шақырған дауысты анық ести алмаған. Жағадан өтіп бара жатып, полиция қызметкері дыбыс көлдің ортасынан шығып жатқанын түсініп, бірден киімімен суға секірді. Ғабит Байжанов әжейді жағаға сүйреп апарған, оған жақын тұрған ауылдастары көмектесті. Олар бірге кейуананы үйге жеткізіп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер оны ауруханаға жеткізді», делінген ақпаратта. Өкінішке қарай зейнеткер  ауруханада жан тапсырды.