boxingkazakhstan
Ертең Спартакиаданың финалдық айқасында көрермендер 51 және 80 келіде айқасты асыға күтетіні анық. Себебі 51 келіде әлем чемпионы Токио жазғы Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов 19 жасында ересектер арасында әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбайға қарсы айқасқа түседі. Өзге әлем чемпиондары 48 келідегі Теміртас Жүсіпов пен 57 келі салмақтағы Махмұд Сабырхан да финалға өтті. 80 келіде де екі бірдей әлем чемпионының жолы финалда түйісті. Бекзат Нұрдәулетов пен Нұрбек Оралбай осы салмақтың алтын медалі үшін тартысады.
Жуырда Туризм және спорт министрі бокс федерациясының басшылығы мен ұлттық құрамалардың бапкерлер құрамын қабылдап жазғы Азия ойындарындағы нәтижені талқылады. Ұлттық құрама боксшыларының физикалық дайындығы кем соғып тұрғанын, екінші раундтан соң алқынып қалатынын айтты. Парижде өтетін жағы Олимпиада ойындарында алтын медаль алу аманаты осы боксшыларға артылатыны сөзсіз. Мырзағали Айтжанов енді келесі жылы Италияда содан кейін Таиланд елінде өтетін лицензиялық турнирге кімдерді қосатынын ертеңгі финалдық жекпе-жектен кейін шегендеуі мүмкін.