Халқымның салты неткен кеніш еді,
Әрқашан алтын бесік ел іші еді.
Көшірмей өкпе-назды келер жылға,
Көктемде хош көңілмен көріседі.
Астарын амал күннің тереңдеп ұқ,
Арала ауыл-үйді сәлем беріп.
Ағайын араздығын болдырмайтын
Күнінде көрісудің кемел көрік.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы – Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ