©Тұрар Қазанғапов
УЕФА Қазақстан футболшысы Ислам Чесноковтың соққан голын 9-турдың үздігі номинациясына ұсынды.
23 жастағы футболшы 17 қараша күні «Астана арена» стадионында өткен Қазақстан-Сан-Марино матчында дубль жасап, есепті еселеген болатын.
Халықаралық ұйым әлеуметтік желідегі парақшасында 9 - турдың 4 голын таңдады.
Бұл қатарда Чесноковтан бөлек, франциялық Килиан Мбаппе, әзербайжандық Эмин Махмудов және финдік Даниэль Хоканс бар.