Фото: polisia.kz
«19 қараша күні сағат 11:05 кезінде Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жәнібек Әнуарбеков пен Қанат Балтабаев Жас өркен ықшам ауданындағы жеке сектордан шығып жатқан қою түтінді байқап қалған. Инспекторлар түтіннің Ертіс көшесіндегі бір-біріне жапсарлас салынған көппәтерлі үйден шығып жатқанын анықтады. Олар дереу өрт сөндіру қызметін шақырып, 70 және 71 жастағы ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өрттен құтқарып, газ баллонын алып шықты. Өрт сөндірушілер тез арада тиісті шаралар қабылдап, болжам бойынша өрттің электр желілерін пайдалану қағидаларын бұзудан пайда болғанын анықтады», делінген ақпаратта.