Спорт • 20 Қараша, 2023

Словения – Қазақстан матчының тікелей көрсетілімі

850 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түнде  футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы  матчын өткізеді. Сырт алаңдағы ойын Словенияның Любляна қаласындағы «Стожице» стадионында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Словения – Қазақстан матчының тікелей көрсетілімі

kff.kz

Маңызды матчты түн ауа 01:35-тен бастап «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. Магомед Адиев баптайтын ұлттық құрама ойыншылары бүгінгі тартыста жеңіске жетсе, келесі жылы Германия елінде өтетін Еуропа чемпионатына қатысуға жолдама алады.