Аймақтар • 20 Қараша, 2023

Ұлытауға келуші шетелдіктер саны 2 есе артқан

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысындағы әртүрлі дәуірлердегі тарихи ескерткіштер өңірдің туристік әлеуетін, әсіресе, этно және экотуризмді арттыруға мүмкіндік береді. Осыған орай өңірдегі туризмді дамыту үшін инфрақұрылым оң жолға қойылу керек. Саланы серпілту ісінің мән-жайын Берік Әбдіғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Ұлытауға келуші шетелдіктер саны 2 есе артқан

«Логистикалық проблемаларға қарамастан, 6 айда келуші туристер саны 7 пайызға өскенін байқап отырмыз, бұл ретте өңірге келген шетелдіктер саны 2 есеге жуық өсті. Қонақ үйлер көрсеткен қызметтер көлемі 240 млн теңгеге дейін немесе 32%-ға өсті», деді Берік Әбдіғалиұлы.

Өңірде қонақ үй кешендерінің тапшылығы байқалады. Мәселені біртіндеп шешу үшін Жаңаарқа ауданында екі қонақ үй кешені ашылған. Ұлытауға келетін пойыздар мен әуе рейстері жиілеген.

«Облыста туристік инфрақұрылымды дамыту үшін бірқатар шара атқарылып жатыр. Өңірде қонақ үй кешендерінің тапшылығы байқалады. Біз бұл мәселені біртіндеп шешіп жатырмыз. Мәселен, Жаңаарқа ауданында екі қонақ үй кешені ашылды. 2024 жылы Жезқазған қаласында құны 1,5 млрд теңге болатын жалпы сыйымдылығы 100 орындық 2 қонақ үйді іске қосу жоспарланып отыр», деді өңір басшысы.

Сондай-ақ келер жылы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені мен Домбауыл кесенесіне дейінгі жаңа жолдың құрылысы аяқталады.