Хоккей • 21 Қараша, 2023

«Айсұлу» мен «Номад» қуантты

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Еуропаның әйелдер лигасында Алматының «Ай­сұлуы» сәтті өнер көрсетіп жатыр. Олар қатарынан екі кездесуде қарсы­ластарын қапы қалдырды.

«Айсұлу» мен «Номад» қуантты

Алғашқы матчты жерлестеріміз Италия­ның «Иглз Оңтүстік Тироль» клубына қарсы өткізді. Бұл бәсеке 3:1 есебімен аяқталды. Одан кейін Мажарстанның «Будапешт Жегкоронг академиясымен» шеберлік бай­қасты. Ойынның басынан аяғына дейін шабуылдаған алматылықтар қарсыластар қақпасына жауапсыз бес шайба салды – 5:0. Бұл голдардың авторлары – Ольга Широкова (4-минут), Лорен Николсон (21-минут), Аи­да Олжабаева (22-минут), Мэрайя Хиндс (43-минут) және Лорен Николсон (58-минут).

Ал Құрлық кубогінің іріктеу сайысының соңғы кездесуінде Астананың «Номады» «Лат­вияның «Земгале» клубын 4:1 есебімен ұтты. Сөйтіп, Федор Полищуктің шәкірттері ке­­лесі жылдың 12-24 қаңтарында өтетін атал­ған жарыстың финалдық бөлігіне жолдама алды.

 

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55