Пікір • 21 Қараша, 2023

Саяси реформалар дәйекті жалғасады

152 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Телеграмдағы ресми парақшасында елдегі саяси ахуалға қатысты пікір білдірді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламаларында айтылған мәселелер орындалып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Президентке халықтың сенімі жоғары екеніне тоқталды.

Саяси реформалар дәйекті жалғасады

«Осыдан бір жыл бұрын өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 80 па­йызы дауыс берді. Бұл көр­сеткіш халықтың Президентке сенімі жоғары екенін ай­қын аңғартты. Мемлекет бас­шысы 2019 жылы жүзеге асыра бастаған ауқымды әрі жан-жақты реформалар ол қай­та сайланғаннан кейін де дәйек­­ті түрде жалғасын тапты. Пре­­­зидент сайлауы жаңа саяси нау­­­қандар кезеңіне жол ашты. Нә­ти­жесінде, Парла­мент­тің қос па­ла­та­сының және мәс­лихат сай­лауы өтіп, олардың құрамы едә­уір жаңарды», деп жазды Е.Қарин.

Сонымен қатар ол екі апта бұ­рын еліміз­де алғаш рет аудан және облыс­тық маңы­зы бар қала әкім­дері­нің сайлауы өткеніне тоқталған. Осы­лай­ша, еліміздің саяси жүйесін демо­кра­тиялық жолмен өзгерту үдерісі үздіксіз жалғасып келеді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағда­ры Қазақстан қоғамының бар­лық саласын қанаттастыра ре­фор­малауға бағытталған. Сон­­дық­тан Президент өзінің қыр­күйектегі Жолдауында еліміз жаңа экономикалық модельге көшетінін жариялады. Бұл қадам экономиканы одан әрі мо­н­о­по­лиясыздандыру мен әр­тарап­тан­дыруды, өнеркәсіпті, ауыл ша­руа­шылығын, көлік пен ло­гис­ти­каны, қаржы саласын да­мыту­ды, шағын және орта биз­нес­ке жүйелі қолдау көрсетуді көздейді.

Саяси және экономикалық рефор­малармен қатар әлеумет­тік-гуманитарлық салада да маңызды реформалар жүзеге асы­рылады. Ондағы мақсат – білім беру, ғылым және мәде­ниет саласын дамыту арқыл­ы ұлттың жаңа сапасын қалып­тастыру», деді Е.Қарин.

Мемлекеттік кеңесшінің сөзіне сүйенсек, Президенттің сайлау алдындағы тұғырнама­сында айтылған негізгі бастама­лар биыл жүзеге асырыла бас­та­ған. Оның қатарында «Ұлт­тық қор – балаларға» жоб­асы, «Ауыл аманаты» бағдар­ламасы, заң­сыз жолмен алынған және шет­елге шығарылған актив­тер­­ді елге қайтару сияқты бас­та­ма­­­­лар бар. «Жалпы, Пре­зи­дент стра­­­­те­гиясының бар­лық бағы­­ты – сая­сат, экономи­ка және идео­­ло­­­гия үшеуі бірік­кенде елі­міз­ді жү­­йелі түрде жаң­ғыр­туды көз­­­дей­­тін біртұтас бағ­дар­ла­ма­ны құ­­рай­ды», дейді Мемлекеттік кеңесші.