Бокс • 21 Қараша, 2023

Бокс: Олимпиада лицензиясынан кімдер үмітті?

189 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан құрамасының алғашқы нөмірлері белгілі болды. Олар Олимпиада ойындарына таласады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бокс: Олимпиада лицензиясынан кімдер үмітті?

фото: boxingkazakhstan

Бұған дейін Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіге дейін) пен Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) 2024 жылғы ойындарға квота алды. Ал Қазақстан құрамасы Астанада өткен спартакиаданың қорытындысын шығарған болатын.

«Мұнда Қазақстанның ең үздік боксшылары өнер көрсетті. Біз тек екеуін ғана ойыннан шығардық. Қалған жігіттер де көңілді қалдырмады. Жас боксшылардың өскені байқалды, ешкім үлкен атақтардан қорықпады, жекпе-жек тартысты өтті.

Жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектердің көбі тартысты өтті. Үміт артылғандар өз таразыларында өз дәрежесін дәлелдеді.

Спартакиада қорытындысы Қазақстанда бокстың барын, бәсекелестіктің барын, келешегі кемел екенін көрсетті. Жас боксшыларды қарап шықтық, оларды тәрбиелеп, болашақта көшбасшы етіп дайындайтын боламыз», деді Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Төрт жылда бір рет өтетін жарыста 13 салмақ дәрежесі бойынша 176 спортшы жүлделі орындарды сарапқа салды. Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов турнирден босатылды.

Чемпиондар Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін), Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін), Бейбарыс Жексен (60 келіге дейін), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63 келіге дейін) болды.

Сондай-ақ Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Талғат Шайкен (71 келіге дейін), Диас Молжігітов (75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев (86 келіге дейін), Айбек Оралбай (92 келіге дейін) және Дамир Тойбай (92 келіден жоғары) алтыннан алқа тақты.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылғы Олимпиадада бокс турнирі 13 салмақ дәрежесінде өтеді: ерлер 7 салмақ дәрежесінде, ал әйелдер тағы 6 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.