Фото: magomedadiev
Бірақ әлі де Еуропа чемпионатына қатысуға мүмкіндік бар. Ендігі жылдың көктемінде Ұлттар лигасында Грекия құрамасына қарсы ойнайды. Ресейлік маман Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне 2022 жылдың сәуір айында тағайындалды. Айналасы бір жарым жылдың ішінде Мұсаның бапкер баласы қазақ футболының тарихында ұлттық құраманы бұрын жетпеген биікке шығарды. Адиевке дейін де ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне жергілікті һәм шетелдік бірнеше маман тағайындалды. Бірақ Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарында дәл бүгінгідей деңгейге жете алған емес.
Біздің футболшылар Мұсаұлының бағыттауымен 10 матчқа қатысты: 6 ойында жеңіске жетті, 4 матчта есе жіберді. Магомед Адиевтің келісім-шарт мерзімі осы жылы бітеді. Қазақстан футбол федерациясы бас бапкерге тағы да сенім артып, тізе қосып жұмыс атқаруды жалғастыруы да мүмкін.