m_besbaev
«Ат ер қанаты. Атқа қонған балуанның ықыласын, елдің тілеуін тілеген ел-жұрт үлкендердің батасын қашан аласың? Мейрамбектің көкпарын қашан тартамыз? Соңғы кезде ауылға, туған өлкеге барғанда алдымнан көп шығатын сауал. Алғашында бос мақтан үшін деп ел сөгер, жұрт босқа мал шашып жатыр деп айтар… Осындай көп күмәнмен келіспей жүр едім. Көкпар көптікі ғой деген тілеулес дос-жаран бір шешімге келтіріп, салым дейтін олжа қорын өздері көтеріп отыр. Салым қоры жиырма бес миллион теңге. Оданша ол қаржыны неге қайырымдылыққа жұмсамайды деп алдын-ала сөкпеңіздер. Қайрымдылықты көкпарға дейін де жасап келем, көкпардан кейін де жасала береді. Ал несібесі мен еңбегі көкпарға байланған азаматтарды менің де елеуім заңдылық шығар», деген әншінің бата көкпары түн ауғанша тартылды.
Әнші инстаграм парақшасында дүбірлі доданың өтуіне атсалысқан жақындарына алғысын айтып, «көкпардың қаншалықты мазмұнды-мағыналы екенін және бұл дәстүрдің қалтарыс-бұлтарысын сезініп толқығанын» да жеткізді.
Ат жаратып, көкпар дуын күтіп жүрген жандардың еңбегі ерен екенін көзін жеткізген өнер иесі Жамбыл облысының әкімдігіне де разылығын білдірді.
«Жамбыл облысы әкімдігіне алғыс айтқым келеді. Тәртіп, тазалық, сақтық басқа да халыққа қызмет көрсету сапасында бір мін болған жоқ», деді әнші.