Фото: Ведомство.Телеграм
Портреттің ерекшелігі − Тәуке хан кезеңінде Қазақ хандығында қабылданған «Жеті жарғы» заңын баяндап, әңгімелейді.
Оқу-ағарту ведомствосының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқушы портретті жасауда түрлі қажетті техникалық құралдар мен аудиотаспаларды пайдаланған, әзірлеуге бір жыл уақыты кеткен. Портрет mp3-құрылғысымен, сенсорлы өшіру түймелерімен және 12 В қуат көзімен жабдықталған.
Жас өнертапқыш алдағы уақытта ақын-жазушылардың және өзге де тарихи тұлғалардың портреттерін сөйлету арқылы өскелең ұрпаққа халық тарихын кеңінен насихаттауды жоспарлап отыр.