Синоптиктер алдағы күндерге көңіл көншітетін болжам айтып отыр. Белсенді циклон әсерінен Қазақстанда қар жауып, боран болады. Жел екпіні кей жерлерде секундына 28 метрге жетеді.
Синоптиктердің айтуынша, биыл соңғы жылдардағы ең жылы күз болды. Көптеген аудандардағы ауа райына Иран мен Жерорта теңізі аймақтарының ауа массалары әсер етті.
Ал алдағы үш күнде Каспийден келе жатқан белсенді циклон елімізге жауын-шашын әкеледі. Мамандар сәрсенбіде елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауатынын ескертеді.
Алдағы күндері Республиканың батысында ауа температурасы 2-12 градус аяз болады, ал республиканың шығысында түнде температура 8-13 градус аяздан 0-5 градус жылыға дейін көтеріледі. Қазақстанның қалған бөлігіндегі температура фонында өзгеріс болмайды. Синоптиктер келе жатқан қыс қатты болады деп болжады, бірақ одан қорқудың қажеті жоқ екенін айтты. Желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында ауа райына Атлант мұхиты аймақтарынан ылғалды ауа массаларының жиі қозғалысы әсер етеді. Сондықтан елімізге 20 жыл бойы болмаған қыс келеді. Дегенмен, сарапшылар мұны аномалия деп санамайды.
«2023-2024 жылдардағы қыс 2001-2002 жылдардағы қыс секілді өтеді, яғни жылы және жауын-шашын көп болады. Алдағы қыста Қазақстанда ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп күтіледі», дейді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.
Қазақстанда жаңа жылдың басында синоптиктердің болжауынша, қар жиі жауатын болады. Еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығының тұрғындары қатты аязға дайындалуы керек. Термометрлер -17-ге дейін төмендейді.