Амангелді батыр қазіргі Ұлытау облысы Жанкелді ауылдық округіне қарасты Дулығалы елді мекенінен 20 шақырым қашықтағы Балықтың қарасуы деген жерде туған. Балық – Амангелдінің әкесі Үдербайдың туған ағасы.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс осындағы Дулығалы мешітіндегі жиыннан басталған. Сол жиында Амангелді бас сардар болып сайланған.
Батыр ас ішкен табақты музейге 2011 жылы Оспан Хасенов деген азамат табыстаған екен. Ал оның әкесі Сардарбек Оспанов 1917 жылы дүниеге келгенде, есімін Амангелдінің құрметіне Сардарбек деп атаған көрінеді. Әкеден балаға мұра болып жеткен, батыр ас ішіп, Хасеновтер отбасында сақталған жәдігер енді жұртшылыққа өткеннен сыр шертіп, музейде сақтаулы тұр.
Ұлытау облысы,
Жезді кенті