Теннис • 21 Қараша, 2023

Рыбакина – үміткерлер қатарында

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) биылғы маусымның ең үздік ойыншысын анықтап жатыр.

Рыбакина – үміткерлер қатарында

Жыл сайын берілетін арнайы сыйлықтан үміткерлер қатарында Елена Рыбакина да бар. Еліміздің бірінші ракеткасы үшін биылғы мау­сым сәтті болды деп айтуға негіз бар. Жыл басында ол Мельбурнде ұйымдас­тырылған Аустралия ашық біріншілігінің финалында ойнады. Наурыз айында Индиана-Уэллстегі додада топ жарып, Майамидегі жа­рыстың ақтық сынына дейін жетті. Ма­мырда Римдегі турнирде теңдессіз деп танылды. Осыдан бірер апта бұрын WTA-ның қорытынды жарысында өнер көрсетті. Түрлі турнирде Елена әлемдік рейтингте көш бас­тап тұрған Ига Свентекті бір емес, бірнеше мәрте ұтты. Қазіргі кезде жерлесіміз үздіктер тізімінде төртінші орынды иеленіп тұр.

Елена Рыбакинадан бөлек, арнайы сый­лықтан үміттілер қатарында польшалық Ига Свентек, белоруссиялық Арина Соболенко, аме­рикалық Кори Гауфф пен Джессика Пе­гула, чехиялық Маркета Вондроушова бар.

 

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55