Қоғам • 22 Қараша, 2023

232 мың мың адам үй кезегінен сызылады – министр

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс отырысына баяндама жасауға келген Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың арасынан 232 мың адам тізімнен шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

232 мың мың адам үй кезегінен сызылады – министр

markhabat_zhaiymbetov

Мәжіліс депутаты  Мархабат  Жайымбетов осы мәселеге қатысты министрге сауал жолдады. «Тұрғын үй кезегінде тұрған 645 мың адамның ішінен 232 мың  азаматты заң талаптарына сәйкес келмейді деп тұрғын үй алу кезегінен шығарылғанын айттыңыз. 22 мың адам кезектен шығарылды. Сіз айтқан мәліметтегі 232 адамның 96 мыңында соңғы бес жылда жеке басында пәтері болған екен. 94 мың азаматтың тұрақты тіркеуі басқа өңірде тіркелгендіктен үй кезегінен шығарылыпты. Осындай сан себепті алға тарта отырып 232 мың адамды үй кезегінен сызып тастаймыз дедіңіз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес  әлеуметтік осал топтарға жәрдемдесу мақсатында жалға берілетін үйлерді субсидиялау қолға алынды. 50 миллиард теңге қаражат бөлініп, 70 мың  адамды үймен қамтамасыз етуі тиіс еді. Қазір тек 12 мың адам ғана жалға берілетін үйді субсидиялаудың шарапатына кенеліп отыр, орындалған жұмыстың  көрсеткіші 15% әзер жетті», деген мәселені төтесінен көтерді.

Министр Шарлапаев тұрғын үй кезегінің тізімінен сызылады деген 232 мың азаматқа қатысты әлі де талдау, саралау жұмыстары жүргізілетінін айтты. Олардың арасында 90 мыңнан аса адамның басында  баспана  болғандықтан да оларды үй кезегінен шығарылмаса, заңға томпақ келеді екен.