Қоғам • 22 Қараша, 2023

3,6 миллиард теңге үптеген күдікті үш жылдан кейін Грузияда ұсталды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдан бері халықаралық іздеу жарияланған күдікті Грузия мемлекетінде қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3,6 миллиард теңге үптеген күдікті үш жылдан кейін Грузияда ұсталды

egemen.kz

Бас прокуратура үйлестіріп, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен тізе қосып, Грузия мемлекетінде бой тасалап жүрген күдікті ұсталды. Оған 2020 жылдың наурыз айында халықаралық іздеу жаряланған болатын. Күдікті қаржы пирамидасын құрып, 3 миллиард 600 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған.  600-ден аса жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қашқынды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.